6 шілдеде күндіз Атырау-Астрахань тас жолында жол-көлік апаты болып, екі адам көз жұмды.
Исатай ауданының Жанбай ауылынан 18 шақырым жерде Toyota Ipsum минивэнінің жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, көлік аударылған. Сол жерде екі адам қайтыс болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді. Кейбір мәліметтер бойынша, көлік ішінде Арменияға көлік сатып алуға кетіп бара жатқан Маңғыстау тұрғындары болған. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желідегі суреттер