АҚШ-та миллиардер Джеффри Эпштейн адам саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы The New York Times газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нью-Йорк полициясы оны адамдарды жөзекшелікке салу мақсатында сатты деп айыптап отыр. Газеттің жазуына қарағанда, дүйсенбіде Эпштейннің соты болады. CBS телеарнасы өз кезегінде миллиардер Эпштейннің ұшағы Парижден Нью-Джерсиге келіп қонған сәтте ұсталғанын хабарлады. Эпштейн АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың және бұрынғы президент Билл Клинтонның ескі танысы. Ал Associated Press агенттігі Эпштейннің ұсталуы 2007-2008 жылдардағы атышулы сот ісіне байланысты болуы мүмкін деген долбар жасап отыр. Эпштейн сол кезде кәмелетке толмаған жезөкшелердің қызметін пайдаланды деп айыпталған. Ол 2008 жылы өз кінәсін мойындап, 13 ай түрмеде отырып шыққан еді.
Дереккөз: inform.kz