Беларусьтің тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу кезінде 64 жастағы бір әйел қаза тапты және 4 адам ауыр жарақат алды.
Тергеу жұмыстарынан кейін Беларусь билігі ресейлік пиротехниканы айыптады және ресейлік компанияның екі өкілін қолға алды. Хабарға қарағанда, Беларусь тәуелсіздік күніне орай елдің орталық қаласында әскери шеруден кейін отшашу салтанаты өткізілу жоспарланған. Алайда, отшашу кезіндегі оқыс оқиғадан жалпы 10 адам зардап шеккен. Куәгерлердің айтуынша, отшашулар әуеге көтерілмей жатып жарылыс болған. Беларусьтың Тергеу комитетінен тыс Қорғаныс министрлігі де тексеру жұмыстарын бастаған. Тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ресми тараптардың мәліметінше, елдегі мерекелік шараға Ресейдің «Пиро-Рус» компаниясы техникалық көмек көрсетуге келісім берген. Алайда, отшашу қойылған жердің үшеуінде адамдар жарақат алған. Тергеу тобы пиротехникалардың сапасыз болуы оқыс жағдайға себеп болды деп санайды. «Пиро-Рус» компаниясы Ресейдегі негізгі өндіруші саналады, оның өнімдері көптеген мерекелік шараларда пайдаланылып келген. Компанияның мәлімдеуінше, Минскіде қолданылған отшашулар сол елде 2017 жылы өндірілген екен.
Дереккөз: qazaqtimes.com