Құрама Штаттар 4 шілдеде Тәуелсіздік күнін атап өтті. Елде жаппай салюттер атылып, Вашингтонда парад өткенін хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
АҚШ президенті Дональд Трамп жыл сайынғы дәстүрге сәйкес Вашингтондағы Линкольн ескерткіші жанында өтетін "Америкаға салют" деп аталатын шарада сөз сөйледі. АҚШ президенті туиттер парақшасына мерекенің шарықтау шегі әскери ұшақтармен болатын әскери парад деп жазған. Трампты сынаушылар салық төлеушілердің ақшасын бекер шашып жатыр деп айыптады. Қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Марк Эспер мен штаб басшыларының бірлескен комитетінің генералы Джозеф Данфорд президенттің шақыруын қабыл алды деп мәлімдеді. 1776 жылдың 4 шілдесінде Ұлыбританиядан тәуелсіздік алу жөніндегі декларация қабылданды.
Дереккөз: qazaqtimes.com