Италиялық социал-демократ Давид Сассоли Еуропалық парламенттің жаңа басшысы болып сайланды.
Сайлаудың екінші кезеңінде Сассолиге 345 депутат дауыс берген. Бұрын журналист болған Давид Сассоли 2009 жылдан бері еуродепутат лауазымын атқарып келеді. Біраз уақыт көлемінде вице-спикер болған ол көлік пен туризм салаларын дамыту мәселелерімен айналысқан. Сайлау қорытындысы бойынша екінші орынды чехиялық консерватор Ян Захрадил, ал үшінші орынды Германиялық жасылдар партиясының өкілі Ска Келлер иеленген. Ал ең аз дауысты солшыл көзқарастағы Испаниялық депутат Сира Рего жинаған.
4 шілдеде Брюссельде Еуроодақтың жауапты лауазымдарына үміткерлерді сайлауға қатысты үшкүндік марафон мәресіне жеткен болатын. Нәтижесінде, Еурокеңес төрағалығына Бельгия премьері Шарль Мишель сайланды. Одаққа мүше 28 мемлекет басшыларының шешімі бойынша Еурокомиссия президенті қызметіне Германияның қорғаныс министрі Урсулу фон дер Ляйен ұсынылды. Еуропаның Орталық банкіне Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры Кристин Лагард, ал ЕО дипломатиясы басшысылығына Испания сыртқы істер министрі және Еуропарламенттің бұрынғы төрағасы Жозеп Боррель кандидатурасы лайықты деп танылды.
Егер Германиядан ұсынылған үміктер Урсулу фон дер Ляйен жеңіске жетсе, тарихта тұңғыш рет Еуропалық комиссияны әйел адам басқармақ. Аталған кандидатуралар Еуропарламентте мақұлданса, Одақтың негізгі төрт қызметінің басшысы 1 қарашадан бастап өз қызметін бастайды.
Дереккөз: qazaqtimes.com