Атырау, 16 желтоқсан 02:48
 ашықВ Атырау -8
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

"Россия сегодня" бас редакторы Маргарита Симоньян үздік медиа-менеджер атанды

1 971 рет қаралды


"Ресейдің медиа-менеджері" атты ұлттық жүлденің басты марапаты, 2019 жылдың Гран-при жүлдесі "Россия сегодня" және RT медиа тобының бас редакторы Маргарита Симоньянға ұсынылды.

"Россия сегодня" агенттігі және RT телеарнасының әлеуметтік жобалары Ресейдің журналистер қауымдастығының жоғары бағасына ие болды. Олардың ішінде – посткеңестік кеңістік елдерінің медиа саласы мамандарының басын қосқан Sputnik Pro жобасы, тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың жаңа отбасы табуына көмектесетін "Найди меня, мама" жобасы бар. RT телеарнасының әлеуметтік активтері ішінде – бюрократия салдарынан Ресей азаматтығын жылдар бойы ала алмай жүрген адамдар туралы #НеОдинНаОдин, қиын жағдайға тап болған жандардың көмек алуына жәрдемдесетін "Дальше действовать будем мы" жобалары аталып өтті.

Маргарита Симоньянның Гран-при жүлдесін иеленуіне ресейлік журналист Иван Голуновтың тағдырына белсенді араласуы да себеп болды.

"Россия сегодня" халықаралық ақпараттық агенттігінің бас редакторының орынбасары Наталья Лосева да "Ресейдің медиа-менеджері – 2019"  жүлдесінің лауреаты атанды. Ол заманауи ақпараттық агенттіктің тәжірибесінде толықтырылған және виртуалды шынайылық технологияларын енгізгені үшін, сондай-ақ инновациялық журналистік өнім шығарғаны үшін "Әлеуметтік медиа" санатында жүлдеге ие болды.

"Россия сегодня" ХАА – Ресейдің медиа нарығында әлеуметтік және ағартушылық жобаларды жүзеге асырудағы көшбасшылардың бірі. Медиа тобының негізгі жобаларының бірі – медиа саласының мамандарына арналған Sputnik Pro. Жобаны шетелде Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы таныстырады. Әлемдегі 80-нен астам елдің медиа мамандары таяу және алыстағы шетелде Sputnik Pro жобасына қатысып үлгерді.

"Россия сегодня" ХАА-ның басты мақсаты – әлемде болып жатқан жайттарды халыққа жедел әрі мазмұнды жеткізу, елеулі оқиғаларға әртүрлі көзқарастарды баяндау. Агенттіктің ақпараттық ресурстары: РИА Новости, Спорт РИА Новости , Недвижимость РИА Новости, Прайм, Рейтинг РИА Новости, ИноСМИ, Социальный навигатор. Медиа тобының шетелдегі өкілдігі – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

 

5 шілде 2019, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.