Атырау, 27 қараша 20:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзбекстан жеке деректерді қорғау туралы заң қабылдады

2 146 просмотра


Өзбекстанда жеке адамның өмірбаянын, жеке өмірін, тұратын жерін, кәсібін, саяси және діни көзқарасын субъектінің келісімінсіз таратуға тыйым салынды.  

Аталған заң 2019 жылғы 1 қазанда күшіне енеді. Заңға сәйкес, жеке деректерді реттеуді үкімет пен осы саладағы құзыретті орган жүзеге асырады. "Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір азамат жеке өмірі мен ар-намысын қорғауға құқылы", - деді Олий Сенатының өкілі Бойматжон Расулов. Жалпы, адамның жеке деректері мемлекеттік органдарға, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына және де басқа түрлі ұйымдардың қызметіне жүгінген кезде  базада сақталып қалады. Аталған заңда жеке деректерді өңдеуге қатысты шарттары мен талаптары, сондай-ақ, жеке датаны өңдеуге рұқсат беру не келісім бермеудің де тәртібі көрсетілген.

Дереккөз: qazaqtimes.com

4 шілде 2019, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.