Атырау, 28 желтоқсан 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Атырауда Жайықтағы балықтың жаппай қырылуына қатысты сот басталады

2 897 рет қаралды


Ертең, 5 шілдеде №2 Атырау қалалық сотында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына қатысты сот талқылауы басталады. Тергеу жұмыстарын жүргізген ІІМ тергеу тобының жорамалы бойынша, балық «Атырау Су Арнасы» КМК-нің өзенге тасталған құрамында хлоры көп  сарқынды суларынан уланған.

Айыпталушылар орындығында – «АСА» КМК бұрынғы директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ, оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту станциясының бастығы Михаил ЧУРСИН. Үшеуі де ҚР ҚК-нің 328-бабының 3-тармағы (Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге әкелген жерүсті суларын ластау) және 204-бабының 2-тармағы (Аса ірі залал келтірген бөтеннің мүлкін абайсызда жою) бойынша айыпталып отыр. Құрметовке 371-бап (Салғырттық) бойынша да айып тағылған.

Фархат ӘБІЛОВ

4 шілде 2019, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.