Атырау, 27 қараша 20:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БАӘ-ден қашқан ханшайым Британия Жоғары сотына арыз түсірді

2 546 просмотра


Біріккен Араб Әмірліктерінен қашқан ханшайым Хайя бинт Әл-Хусейн адвокат көмегіне жүгініп, Британия Жоғары сотына шағым түсірді. 

«Бұл Дубай билеушісінің әйелі ажырасу туралы шешім қабылдағанын және сот процесс қорытындысы бойынша рекордтық өтемақы талап ететіндігін білдіреді. Ал әлемдік саясатта бұл жағдайдың БАӘ мен Ұлыбритания байланысына нұқсан келтіру қаупі бар», –  дейді «Times» басылымы. 3 шілдеде Хайя ханшайымның Дубайдан қашып кеткені туралы ақпараттар тараған болатын. Кейіннен оның Лондонда жасырын тұрғаны белгілі болды. Британдық таблоидтар бұған дейін ханшайымның БАӘ-ден 11 жасар қызымен және 7 жасар ұлымен Германияға қашып кеткенін хабарлаған. Бірақ, Германия билігі бұл хабарды растамады. «The Sun» газетінің ақпараты бойынша, ханшайым өзімен бірге 39 млн долларға жуық ақша алған. Шетелдік басылымдар ханшайымның біраз уақыти бойы шейхтан жәбір көргенін, зорлық-зомбылықпен өмір сүргенін жазды. Әзірше, БАӘ билгі бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме ежасаған жоқ. Егер Дубай Хайя ханшайымды елге қайтаруды талап еткен жағдайда, Ұлыбритания мен БАӘ дипломатиялық қарым-қатынасына нұқсан келуі мүмкін. Хайя бинт Әл-Хусейн Иорданияда дүниеге келіп, Британиядағы Бадминтон мектеп-интернатында және Брайенстон мектебінде оқыған. Оксфорд университетінің студенті болған. 2004 жылы ол БАӘ вице-президенті мен премьер-министрі, яғни Дубай билеушісі шейх Мохаммед ибн Рашид Әл-Мактумның алтыншы әйелі болды. 2007 жылы қызы, ал 2012 жылы ұлдары дүниеге келген. Деректер бойынша, шейх Мохаммед ибн Рашид Әл-Мактумның некедегі әйелдерінен 23 баласы бар.

Дереккөз: qazaqtimes.com

4 шілде 2019, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.