2 шілдеде теңіз кешенінде қазақстандық жұмысшылардың шабуылына ұшыраған иордан жұмысшылары мен инженерлері Амманға қайта оралды, деп хабарлайды иордандық Royanews.tv басылымы.
Халықаралық «Әлия ханшайым» әуежайында оларды елдің сыртқы істер министрі, Жоғары мәртебелі король мұрагері Әл-Хуссейн ибн Абдалла II орынбасары Айман Сафади қарсы алды.
«107 иордандықтың жұмысын жоғалтпай, үйіне демалысқа келгісі келген 41-і Иорданияға келді», - делінген СІМ мәлімдемесінде.
Сафади оқиғаға байланысты барлық иордандықтың қауіпсіздігі үшін үлкен күш салған ханзада әл-Хусейннің сәлемін жолдады.
Министр ел азаматтарының қауіпсіздігі мен оларға қызмет көрсету қашан да алдыңғы орында тұратынын айтты.
Теңіздегі оқиғада зардап шеккен Consolidated Contractors Company (CCC) компаниясының жұмысшылары әуежайда жергілікті БАҚ-қа сұхбат берді. Біреуі ел азаматтарының өмірі мен қауіпсіздігі үшін үлкен күш жұмсаған Жоғары Мәртебелі Король мұрагері әл-Хусейнге, Иордания сыртқы істер министрлігіне алғысын білдірді.
Ол зардап шеккен иордандықтардың (Атырауда емделіп жатқандар – АЖ) денсаулықтары жақсы екенін, тек жеңіл жарақат алғанын айтып өтті.
Иорданияның тағы бір жұмысшысы қазақтардың ССС-дің араб қызметкерлерін ұрып-соғуға себеп болған – ливандықтың әлеуметтік желіге салған суреті болғанын растады.
Иордандық, сондай-ақ, енді ешқашан Қазақстанға барғысы келмейтінін, өз елінде қалғысы келетінін айтты.
Үшінші жұмысшы араб қызметкерлеріне тек ССС-дің емес, басқа да компаниялардың (Теңізде жұмыс істейтін – АЖ) қызметкерлері шабуыл жасағанын атап өтті.
Дайындаған Азамат МАЙТАНОВ