Атырау, 27 қараша 20:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Трамп: Иран отпен ойнап отырғанын біледі

2 247 просмотра


Иран өзінің төмен байытылған уран қорын келісім шегінен асырғанын мәлімдегеннен кейін, АҚШ президенті Дональд Трамп «Иран отпен ойнап отырғанын» айтты. 

Ақ үйде журналистерді қабылдаған Трамп АҚШ ешқашан Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермейтінін қайталай ескертті. Ақ үйдің Иран мәселесіне байланысты мәлімдемесінде, Иран режимі өз бағытын өзгертпейінше, АҚШ үкіметі Теһранға бағытталған қысымды жалғастыратынын жеткізген және халықаралық қауымдастықтан Иранның байытылған уран қорының стандартқа сай келуін талап етуін сұраған. "Ирандықтар өзінің не істеп отырғанын және немен "ойнап отырғанын" анық біледі", – деген Трамп Иранға қаратқан сөзінде. Иран дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде, 2015 жылы өзіне бағытталған экономикалық санкцияларды тоқтату үшін Иран 6 елмен келісімге келгенін, алайда, АҚШ келісімнен біржақты бас тартып, санкцияны жалғастырғанын алға тартқан. Сондай-ақ, келісім АҚШ тарабынан бұзылғанын айтып, төмен мөлшерде байытылған уран қорын келісімнің шеңберінен шығарғанын жеткізген. Иранның соңғы қадамына байланысты Трамп үкіметі нақты қандай жауап қайтаратыны белгісіз. Дегенмен, төмен мөлшердегі байытылған уран қорының 300 кг шамасынан асуы Иранның ядролық қаруға бір табан жақындап қалғанын түсіндіреді. Бұл АҚШ-Иран қайшылығының шарықтау шегіне де жақын қалғанын да көрсетіп тұр. Әлем елдерін алаңдататыны – қайшылықты шешуге қатысты АҚШ пен Иранның ұстанымдары мүлде сәйкес келмейді. Уашингтон мен Теһран бір-бірінің басты ұстанымдарын өзгертуді талап етеді. Бұл жағдай келісімнің мүмкіндігін жоққа шығарып отыр.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

 

2 шілде 2019, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.