Атырау, 25 сәуір 06:17
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ол рэпті, футболды және сандарды ұнатады

2 329 просмотра


ҚТЛ оқушысы Айбек МЫРЗАТАЕВ ең жоғарғы ұпай алып, Кипрде жасөспірімдер арасында өткен XXIII Халықаралық Балкан математикалық олимпиадасының абсолюттік чемпионы атанды. Олимпиадаға әлемнің 17 елінен 112 өкіл қатысты. Қазақстан құрама командасы осы сайыстарға үнемі қатысып отырады. Бірақ бейресми командалық есепте, соның ішінде, біздің Айбектің алтын алқасының арқасында құрметті екінші орынға алғаш рет ие болып отыр.

Бұл тоғызыншы сынып оқушысының алғашқы жеңісі емес. Қаңтар айында Алматыда жыл сайын өтетін Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 10-11 сынып оқушылары арасында информатика, физика және математика пәндері бойынша абсолюттк чемпион болған еді. Ал наурызда Ақтөбеде өткен республикалық олимпиадада бүкіл есепті жаңғақтай шағып, ең жоғарғы балл мен 300 мың теңге көлемінде арнайы сыйлық алды.

Мен оның ұстаздарынан Айбек секілді дарынды баланың қаншалықты жиі кездесетінін және олардың таланты ма, әлде үнемі жаттыққан еңбегі ме, қайсысы маңызды екенін сұрадым. Олардың пікірінше, күрделі есептерді қатесіз шығаруға қабілетті мұндай балалар сирек кездеседі, алайда мұғалімдердің көмегімен және өздігімен еңбектену арқылы талантты үнемі дамыту қажет екен.

Айбектің өзі бұл жерде талант емес, арнайы дайындық пен еңбекқорлық маңызды роль атқарады деп есептейді. Ол футбол мен рэпті өте жақсы көреді, сонда да күн сайын математикаға 3-4 сағатын бөледі.

Ал олимпиадаға дайындық кезінде бүкіл бос уақытын оқуға арнайды. 7-8 сыныптарда оған мұғалімдері жетекшілік етсе, ал 9-сыныпта өздігімен дайындала бастады. Бәлкім, Айбектің айтуы да дұрыс шығар. Оның отбасында математик-ғалымдар жоқ, дәл ғылымдарға бейімділік геолог нағашы атасынан берілген шығар. Анасы солай дейді.

Ол болашақ мамандығын таңдау туралы әлі шешім қабылдаған жоқ, бірақ АҚШ-та білім алуды қалайтынын біледі. Штаттарда оның әпкесі оқиды және ол жақта бәрі керемет екенін жиі айтады екен. Барып жатса, Эминемнің концертіне бару мүмкіндігі пайда болады, әрине, шешім қабылдауға бұл да бір себеп болары сөзсіз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

1 шілде 2019, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.