Атырау, 24 сәуір 2214
 ашықВ Атырау +22
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Періште де сыйлықсыз қалмады

Сурет
3 142 просмотра


Атырауда «NIGHT RACE 2019» түнгі жүгіру шарасы өтті. Түнгі марафонның жалпы қашықтығы 4,5 шақырым болды. Мұз сарайы ғимаратынан бастаған желаяқтар Лесная көшесінен айналып, кері қайтты. Ұйымдастырушылар қатысушыларды бейнебақылау камералары арқылы қадағалады.

Түнгі жүгіру шарасын ұйымдастыру комитетінде мұның сайыс емес, мереке екенін, сондықтан марапаттардың мәре сызығын алғаш кесіп өткен 5 ер адам мен 5 әйелге бөліп берілгенін атап өтті. Грамоталардан бөлек оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Креативті костюммен жүгірген қатысушылар: покемон Пикачудың сары костюмін киген жігіт, бірер үндіс, хоккей формасын киген жас жігіт, періште қанатты қыз бен басқалар да марапатталды.   

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген автор

1 шілде 2019, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.