Атырау, 27 қараша 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Еуропа елдері Иранмен жаңа механизмді іске қосты

2 357 просмотра


Франция, Германия және Ұлыбритания Иранмен INSTEX қаржылық есеп айырысу механизмін іске қосты. 

Politico басылымының мәліметінше, аталған механизммен бірнеше жоспарлар сәтті жүзеге асқан. Олардың қатарында қаржылық айналым, кәсіптік байланыс, тауар алмасу бар. алдағы күндері Еуропаның басқа елдері де осы жүйеге қосылмақ. Осыған байланысты экономикалық сарапшы Хамидреза Таэмасби: «АҚШ пен Иранның келіспеушілігі енді жойылатын секілді. Біз солай деп үміттеніп отырмыз. Уашингтонға бұл санкциялардың ешкімге қажет еместігін аңғарттық. Оның жақын одақтастары ресми Париж, Берлин және Лондон осыны түсінді. Біреулер бұл жайтты жаппай «долларсызданудың» қадамы деп ойлар. Мейлі, солай-ақ болсын. Себебі, біздің бизнеске ол кері әсер етеді. Келісімдеріміз жойылып жатса, оған осындай жауап қайтаруымыз заңдылық», – дейді. Еуропа INSTEX механизміне біраз жыл дайындалды. Оны басқарушы ретінде германиялық маман тағайындалды. Жаңа жүйенің кеңсесі Парижде орналасады деп шешілсе, британиялықтар бақылаушы кеңеске жетекшілік етпек.

Дереккөз: qazaqtimes.com

1 шілде 2019, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.