Атырау, 24 қараша 17:08
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ливан билігі Теңіздегі оқиға байланысты пікірін білдірді

3 393 просмотра


Ливанның Қазақстандағы елшісі Жискар әл-Хури 1 шілдеде Қазақстан сыртқы істер министрімен кездесіп, Теңіз кенішінде 29 маусымда болған оқиғаны талқыламақ.

Ливан және Иордания билігі Теңіз кенішінде болған жанжалда зардап шеккен азаматтары қазір қауіпсіз жерде екенін, оларды әкетуге дайындалып жатқанын айтқан.

Ливандық NNA агенттігінің мәліметінше, Ливан қорғаныс министрі Ілияс Бу-Сааб Қазақстан билік өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, болған оқиғаны айыптаған және Қазақстандағы ливан диаспорасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған.

Ливан СІМ Қазақстан билігімен, ливандық жұмысшылар және жанжал шыққан компания өкілдерімен байланыста екенін мәлімдеді.

Ливанның Қазақстандағы елшісі Жискар әл-Хури MTV телеарнасына зардап шеккен ливандықтар ауыр халде емес екенін және олардан ешкім ұсталмағанын мәлімдеген.

Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафадидың хабаралуынша, иорданиялық жұмысшылар орналасқан қонақ үйге күзет қойылған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

1 шілде 2019, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.