Атырау, 16 желтоқсан 10:46
 ашықВ Атырау -3
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Иркутск облысындағы алапат тасқын: 3,3 мың үй су астында қалды

2 997 рет қаралды


Иркутск облысындағы 55 елді мекенде 3,3 мың үй су астында қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«1 шілдедегі дерек бойынша алты аудандағы 55 елді мекенде 3 296 үйді су басқан. Онда 9 809 адам тұрады, соның 2 681-і бала. Үйлерден бөлек, әлеуметтік маңызы бар 18 нысан, 3 525 аула да су астында қалған», - деп мәлімдеді Иркутск облыстық ТЖМ баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарына қарағанда, төрт елді мекен сыртқы әлемнен оқшауланып қалған. Оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да керек-жарақтар жеткізілді. Су тасқынынан автомобиль жүретін 13 көпір  қирап, басты автожолдарда қозғалыс шектелді. Апат салдарын жоюға 1,4 мың адам жұмылдырылған.  

Дереккөз: inform.kz

1 шілде 2019, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.