Атырау, 20 сәуір 07:02
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бурятияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

2 345 просмотра


Нижнеангарск әуежайына Ан-24 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонған бетте өртенген. Апат салдарынан екі экипаж мүшесі қаза тауып, 30-ға жуық жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

Бурятия үкіметінің мәлімдеуінше, Улан-Удэден шыққан «Ангара» әуе компаниясының Ан-24 жолаушылар ұшағы бейсенбі күні таңертең қозғалтқыштарының бірі істен шығуына байланысты Нижнеангарск әуежайына апатты жағдайда қонған. Қону кезінде ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, тазарту қондырғылары ғимаратына соқтығысып, артынша өрт шыққан. «Ангара» әуе компаниясының деректеріне қарағанда, ұшақ бортында барлығы 47 адам болған. Республика үкіметі апат салдарынан ұшқыш Владимир Коломин мен техник Олег Барданов мерт болғандығын мәлімдеп отыр. Олардың денесін кабинадан құтқарушылар алып шықты.  

Дереккөз: inform.kz

27 маусым 2019, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.