Атырау, 16 желтоқсан 12:11
 ашықВ Атырау -3
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

АҚШ президенті Иранға ауыр соққы беретінін айтты

2 670 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы да мәлімдеме жасады, Оның АҚШ-Иран қайшылығына байланысты соңғы мәлімдемесін қатаң позициясын аңғартқандай болды. 

Ол Иран тарабынан әрқандай бір шабуыл жасалатын болса аяусыз соққы беретінін жеткізді.  Президент Трамп кезекті мәлімдемесінде, Иран режимін айыптай келіп, Иран халқы "Теһранның дұрыс болмаған саясаттары үшін зардап шегіп жатқанын", алдағы уақытта АҚШ-қа қарсы қандай да бір шабуыл жауапсыз қалмайтынын, Иранға аяусыз соққы беретінін айтқан. Ол және АҚШ-тың әскери қуатына көбірек тоқталған. 

"АҚШ әлемдегі ең қуатты армияның иесі. Соңғы екі жылдың өзінде қарулы күштерге 1,5 триллион доллар көлемінде инвестиция салынған", – деген. АҚШ президенті өткен аптада да Иранға қарсы қарулы операциялар туралы мәлімдеген болатын. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, қысқа уақыт ішінде АҚШ Иранға қарсы әуе операциясын жасауы мүмкін. Президент Трамптың Иранның америкалық ұшқышсыз ұшу құрылғысын атып түсіру әрекетіне қарсы санкциямен шектелуі Трамп үкіметінің шарасыздығы деп санаған. Алайда, уақыт өткен сайын екі ел арасындағы шиеленіс ушығып, келіссөздің мүмкіндігі азаюда.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

27 маусым 2019, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.