Атырау, 18 шілде 11:41
Күндіз ашық+38, кешке +31
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.98  € 430.63  P 6.11

Помпео сапарынан соң Ауғанстанда АҚШ-тың екі сарбазы «өлтірілді»

27 маусым 09:25


АҚШ-тың екі сарбазы Ауғанстанда қаза тапты. Бұл туралы Aljazeera басылымы хабарлады. Ресейлік mnews.world порталы сарбаздар қасақана өлтірілуі мүмкін дейді. 

НАТО басқаратын миссияның мәлімдеуінше, Ауғанстанда сарбаздардың қайтыс болуына қатысты ешқандай мәліметтер айтылмаған. АҚШ әскерилері қос сарбаздың отбасылары бұл жайтпен хабардар болғанға дейін, аты-жөндері ресми жарияланбайды деді. Сарбаздар осы аптада АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Кабулда Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен кездесу өткізгеннен кейін келесі күні қаза тапқан. Помпео бұл сапарында аймақтағы атышулы Талибан лаңкестік ұйымының өкілдерімен бейбіт келіссөз жүргізу және осы жылдың қыркүйегінде өтетін президенттік сайлау алдында өңірдегі қауіпсіздік мәселесін талқылаған. Сонымен қатар, Помпео Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзаймен бірге басқа да жоғары лауазымды саясаткерлермен бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін сөз етті.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

221 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4