Атырау, 25 сәуір 02:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуға дайын емес

2 864 просмотра


Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуға дайын емес. Пентагонның жаяу әскер барлау басқармасының басшысы Роберт Эшли осындай мәлімдеме жасады. 

КХДР 2018 жылы өткен саммитте ядролық қарудан бас тарту туралы келісімшартқа қол қойған. Дегенмен, Солтүстік Корея әлі күнге дейін ядролық қаруларды жасауын тоқтатқан жоқ. Сәуірде Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі Ким Жоң Унның мәлімдемесін жариялады. 

Ол мәлімдемесінде: «Солтүстік Корея санкция қысымдарына төтеп бере алады», – деген. Бұл оның екінші реткі «Трамп-Ким саммитынан» кейінгі алғаш рет жасаған мәлімдемесі. Бұған дейін АҚШ президенті Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен екі мәрте келіссөз кездесуін өткізген болатын. 

Биыл ақпан айында өткен екінші реткі саммит жоспарланған уақыттан ертерек аяқталды, әрі тараптар ешқандай келісімге қол жеткізе алмады. Себебі, Солтүстік Корея тарабы өздеріне бағытталған санкцияларды алып тастауды талап етсе, Құрама Штат делегациясы КХДР-ға ядролық қаруынан бас тарту талабын қойған. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

26 маусым 2019, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.