Атырау, 21 шілде 17:51
Кешке ашық+28, түнде +26
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.39  € 431.71  P 6.11

​Трамп: Иранға шабуыл жасау үшін Конгрестен рұқсат сұрамаймын

26 маусым 10:56


Трамп үкіметі Иранға шабуыл жасау үшін Конгрестен рұқсат алмайды. Бұндай мәлімдемені Құрама Штаттардың президенті Дональд Трамп The Hill  ақпараттық сайтына берген сұхбатында айтқан.

Аталған сұхбатында президент Трамп АҚШ пен Иран арасындағы дағдарысқа көбірек тоқталып өткен. Ол және Конгрестің рұқсатынсыз Иранға шабуыл жасауға билігінің жүретінін ашық айтқан. Бірақ, «Иран мәселесіне байланысты қандайда бір әрекеттерімізден Конгреске уақытында мәлімет беріп келеміз», – деп қосқан.

Құрама Штаттар мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дағдарыстың ушығуына байланысты, Конгрестегі Демократиялық партия өкілдері Трамп билігіне деген сыны да арта бастады. Олар Трамп үкіметінің Иранға қарсы қандай да бір әскери әрекетке барудан бұрын Конгрестің мақұлдауын алуын талап етуде. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

356 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4