Атырау, 16 желтоқсан 12:14
 ашықВ Атырау -3
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Арменияның экс-президенті Роберт Кочерян үшінші рет тұтқындалды

2 507 рет қаралды


Арменияның апелляциялық соты елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарянды қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы жайлы шешімін өзгертіп, оны тұтқынға алды. 

Бұған дейін Еревандағы сот оны 18 мамырда тұтқыннан босатқан еді. Осылайша, Кочарян бір жарым ай бостандықта жүрді, деп хабарлайды ВВС. 

Оған конституциялық құрылымды құлатуға қатысып, ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. Арменияда көшелерге наразылыққа шыққан адамдар қуылып, соның салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тапқан болатын. Сейсенбі күні сот прокуратураның Кочарянға бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырып, оның ісін тоқтату туралы шешімін жойды және материалдарды әрі қарай тергеуге жіберді.

Бұрынғы президент оның ісі таяуда Арменияда өтетін сайлауға қатыстырмауға  бағытталған деп  отыр. Кочарян 1998-2008 жылдары Армения президенті болды. Ол екінші президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін «АФК Система» ресейлік инвестициялық компаниясы директорлар кеңесіне кірді.

Дереккөз: inform.kz

26 маусым 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.