Атырау, 18 шілде 11:48
Күндіз ашық+38, кешке +31
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.98  € 430.63  P 6.11

Мексика АҚШ шекарасына 15 мың әскер жіберетінін айтты

25 маусым 10:26


Мексика үкіметі АҚШ-пен арадағы шекара бойына 15 мың сарбаз орналастыратынын мәлімдеді. Операцияның мақсаты – Орталық Америка елдерінен келген мигранттардың шекараны заңсыз кесіп өтуіне жол бермеу.

Бұл шара Вашингтонның егер Мексика шекарадан заңсыз өтіп жатқан мигранттар көшін тоқтатпаса, бұл елден келетін тауарларға баж салығын енгізетіні туралы мәлімдемесінен соң қолға алынған. Мексика аталған мәселені шешуде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ-тан көмек сұрады.

Бұған дейін Мексика екі мыңнан астам әскерді елдің оңтүстігіндегі Гватемала және Белизбен арадағы шекара бойына орналастырған. АҚШ-қа баратын Орталық Америка елдері мигранттарының негізгі бөлігі осы жерден өтеді. Мексика қорғаныс министрі Луис Сандовалдың сөзінше, елдегі мигранттардың жүріп-тұруы әкімшілік заңбұзушылыққа жатады, сондықтан ұсталғандар тек әкімшілік жауапқа тартылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз көші-қон тоқтамаса мексикалық тауарларға 5 пайыздық баж салығы енгізілетінін айтып, Мексикаға шарт қойған.

АҚШ-тың Техас штатының губернаторы Грег Эбботт өткен жұма күні АҚШ Конгресін тереңдей бастаған гуманитарлық дағдарысқа қарсы шара қабылдауға дәрменсіз боп отыр деп айыптап, Мексика шекарасы бойына Ұлттық гвардияның тағы бір мың әскери қызметкерін жіберетінін мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

347 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4