Атырау, 22 наурыз 08:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуежайға дронмен шабуыл жасады

1 782 рет қаралды


Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абха әуежайына ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шабуыл жасады. Атыс-шабыстан бір адам көз жұмды. Тағы шамамен 20 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында үш әйел мен екі бала бар.

Оқиғадан кейін, әуе қозғалысы 1 сағатқа тоқтап қалды. Хуситтердің бұл әрекетін Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр мен Кувейт билігі қатаң сынға алып отыр.  

Естеріңізге салайық, аймақтағы жауласқан тараптардың ұрысы 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Дереккөз: 24.kz

 

25 маусым 2019, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.