Атырау, 16 желтоқсан 12:14
 ашықВ Атырау -3
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Грузияда ереуілдер өрши түсті

2 206 рет қаралды


Грузиядағы ереуілдер елдің басқа қалаларында да өрши бастады. Атап айтқанда, Кутаисидегі белсенділер қамауға алынғандарды босатып, ішкі істер министрін қызметінен кетіруді, сондай-ақ ел парламентіне кезектен тыс сайлау өткізуді талап етіп жатыр. 

Әйтпесе, Тбилисидегі шеруге қосылатындарын айтып, сес көрсетуде. Өз кезегінде, ел астанасындағы шеру әлі де басылар емес. Мыңдаған адам қайтадан парламент ғимараты алдына жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда бұл шеру Грузияға Ресей мемлекеттік думасы депутатының келуі мен оның сөйлеген сөзінен соң басталған болатын. Кейін оның арты тәртіпсіздікке ұласты. 

Демонстранттардың мәлімдеуінше, Мәскеу ел аумағының 20 процентін яғни Абхазия мен Оңтүстік Осетияны басып алды. Ал ел билігі оны құп көріп отыр. Өз кезегінде, Ресей билігі бұл ереуілдер Ресейге қарсы араңдату әрекеті деп санауда.

Дереккөз: 24.kz

24 маусым 2019, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.