Көрнекі суретАтырау қаласының әкімдігі орталық қала көшелерін қалпына келтіру және кеңейту жұмыстарының бірінші кезеңі басталғанын хабарлайды. Осыған байланысты кейбір учаскелерде көлік қозғалысы уақытша жабылады.
- 25 маусымнан 5 шілдеге дейін - жағалаудан бастап Жастар көшесіне дейінгі учаскеде Құрманғазы көшесі ("Арна" жанармай бекеті);
- 25 маусымнан 7 шілдеге дейін – Баймұханов көшесінен Әбдірахманов көшесіне дейінгі учаскеде Бейбарыс даңғылы;
- 25 маусымнан 20 шілдеге дейін - Махамбет көшесінен Канцев көшесіне дейінгі учаскеде Уәлиханов көшесі;