Атырау, 27 қараша 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

 Грузия билігі шерушілердің бірі көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарды

2 321 просмотра


22 маусымда Грузия астанасы Тбилиси орталығына алдыңғы күнермен салыстырғанда азырақ адам жиналды.

Грузияның денсаулық сақтау министрлігі 20 маусымда полициямен қақтығыс кезінде жараланған шерушілердің бірі қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін грузин тілінде ақпарат тарататын Agenda.ge сайты, Euronews-тің орыс редакциясы және бірқатар ақпарат құралдары қақтығыс кезінде көзінен жарақат алған шеруге шыққан азаматтардың бірі ауруханада көз жұмды деп хабарлаған еді.

Төтенше жағдай кезінде азаматтарға көмек көрсету бойынша ведомство басшысы Автандил Талаквадзе да бұл ақпаратты жоққа шығарып, ауруханада қазіргі кезде 54 азаматтың ем алып жатқанын, екеуі реанимация бөлімшесінде екенін айтқан.

Бұған дейін Тбилисидегі полиция мен наразылар арасындағы қақтығыс кезінде 290 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Олардың 80-і - полицей. Грузия билігі шерушілердің бірі көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарды. 

Дереккөз: Азаттық радиосы


23 маусым 2019, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.