Атырау, 24 қараша 18:36
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көлік апатынан 3 адам қайтыс болып, 4 адам ауруханаға түсті

4 155 просмотра


21 маусымда сағат 22.00 шамасында «Атырау-Индер» трассасының Бөдене ауылының тұсында «Тойота Камри» көлігі жол үстіндегі сиырдан қашамын деп қарсы бетте келе жатқан «Лексус» жеңіл автокөлігіне соғып, екі әйел және бір ер адам қаза болды. Бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, қайтыс болған екі әйелдің бірі - «Камридің» жүргізушісі.

Қалған 4 зардап шегуші - Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облысының тұрғындары аудандық ауруханаға жеткізілген.

- Жас шамалары 33-58 жас аралығындағы төрт адам бізге орта және ауыр жағдайда түсті. Қазір біз барлық ем-дом шараларын жүргізіп жатырмыз,-дейді Индер аудандық аурухананың бастығы Анар ДОСПАЕВА.

Аталмыш оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.          

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

22 маусым 2019, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.