Атырау, 27 қараша 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Путин Грузиямен арада әуе қатынасы арқылы жолаушылар тасымалдауға тыйым салды

2 587 просмотра


РФ Президенті Владимир Путин жұма күні Грузияға жолаушы тасымалдайтын әуе қатынасына тыйым салатын Жарлыққа қол қойды. 

Тыйым 8 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады. «2019 жылдың 8 шілдесінен бастап ресейлік әуе компанияларының азаматтарды Ресей Федерациясының аумағынан Грузия аумағына тасымалдауына (соның ішінде коммерциялық) уақытша тыйым салынады», - делінген құжатта.

Жарлық мәтінінде туристік агенттіктер мен туроператорларына тыйым күшінде тұрған уақытта азаматтарға туристік өнімдерді сатпауға кеңес берілген. Путин РФ үкіметіне уақытша Грузияда жүрген ресейлік азаматтардың Отанына қайту шараларын қарастыруды тапсырды.

Құжатта айтылғандай, Жарлыққа «Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігін, Ресей Федерациясы азаматтарын қылмыстық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау мақсатында» қол қойылған.  

Дереккөз: inform.kz

22 маусым 2019, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.