Атырау, 20 сәуір 19:24
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​АҚШ-та мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болды

Бейнежазба
3 425 просмотра


АҚШ-тың Филадельфия штатындағы оңтүстік бөлігінде орналасқа мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды "Российская газета". 

Fox News телеарнасының мәліметінше, мекемеде әлі де алапат өрт болып жатыр екен. Оқиғаның мән-жайы және қанша адам зардап шеккені әзірге белгісіз. 


Сонымен қатар, әлеуметтік желіде МӨЗ аумағында болған жарылыстың видеосы жарияланды. РИА Новости мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы 4-те (14:00 Астана уақыты бойынша) басталған. 

Зауыттың маңындағы жолдар жабылған. Зауытқа жақын үйлердің тұрғындары жарылыстардың болып жатқанын айтады. Өрттін бірнеше мильден көруге де болады. Филадельфия орталығында түтін көкке көтерілген.  

Philadelphia Energy Solutions компаниясының кешені АҚШ-тың шығыс жағалауындағы ең ірі өңдеуші кәсіпорын болып саналады, онда мыңға жуық адам жұмыс істейді.


Дереккөз: tengrinews.kz

21 маусым 2019, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.