Атырау, 16 сәуір 23:12
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Ұшы-қиыры жоқ соғыстан шаршадым - Трамп

2 428 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп ұшы-қиыры жоқ соғыстан шаршағанын айтты. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесу кезінде айтқан, - деп хабарлайды "Лента.ру".

Мемлекет басшысы "шексіз соғыстардан" шыққысы келетінін және осы бағытта агитация жүргізгенін атап өтті. Америкалық көшбасшы Сириядан әскерді шығару процесін еске салды және Ауғанстандағы әскердің санын қысқарту керектігін айтты.  Алайда, Трамп Иранның америкалық ұшқышсыз аппаратты құлатуын жаңа мәселе туындағанын мәлімдеді.  Осыған дейін, АҚШ президенті Тегеран кездейсоқ ұшқышсыз ұшу аппаратын құлатуына байланысты қателесуі мүмкін екенін айтқан, алайда Вашингтон мұны жылы жауып қоя салмайтынын ескертті. Журналистің АҚШ бұл жағдайда қандай әрекетке барады деген сұрағына, Трамп былай деп жауап берді: "Көресіздер". Айта кетейік, 20 маусымда Ислам революциясы корпусының әскери-әуе күштері америкалық ірі RQ-4 Global Hawk ұшқышсыз аппаратты құлатқанын жариялады. Оның қанаты 35 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы - 13,3 метр, салмағы шамамен 15 тонна. 

Дереккөз: tengrinews.kz

21 маусым 2019, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.