Атырау, 27 қараша 21:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Джонсон мен Хант Ұлыбритания премьерлігіне кандидат атанды

2 317 просмотра

Борис Джонсон

Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Джонсон мен қазіргі сырты істер министрі Джереми Хант Консервативті партия лидері мен корольдік премьер-министрі постына кандидат болды.

Дауыс берудің бірінші кезеңі кеше, 20 маусымда өтті. Депутаттардың 160-ы - Джонсонға, 77-сі Хантқа дауыс берген. Экология істері жөніндегі министр Майкл Гоув кандидат атана алған жоқ. Оған парламенттің 75 мүшесі дауыс берді.

Консервативті партия көшбасшысын сайлау шілдеде өтеді. Оған партияның 160 мың мүшесі қатысады. Азаматтар пошта арқылы дауыс береді. Жеңген кандидат Тереза Мэйдің орнына премьер-министр қызметіне кіріседі.

Мэй мамырда отставкаға кететінін айтып, 7 маусымда Консервативті партия жетекшісі қызметінен кеткен. Премьер-министр Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу жоспары бойынша парламентпен бірнеше рет мәмілеге келе алмаған соң осындай шешім қабылдаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

21 маусым 2019, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.