Атырау, 24 қараша 20:07
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қоқыс жинау қызықтары

6 983 просмотра
Көрнекі сурет
Атырауда өткізілген алғашқы «Таза ойындар» кезінде шамамен 3 тонна қоқыс жиналды. Осы аттас қоғамдық қозғалыс 2014 жылы Санкт-Петербургте табиғаттағы қоқыс үйінділерінің проблемасына алаңдаған шағын белсенділер тобының күшімен пайда болған еді. Бұл өзекті мәселе. Бес жыл ішінде «Таза ойындар» бүкілресейлік қана емес, халықаралық деңгейге де шықты.

Ойынға қосылу үшін атыраулық қатысушыларға сайтқа тіркеліп, 4 адамнан тұратын команда жинап, лайықты киіммен жиналу орнына келу қажет болды. Бүкіл құрал-сайманды сол жерден алады. Эко-квест ережелері бойынша қатысушылардың бәрі командаларға бөлінеді, олардың міндеті - қоқысты шапшаң әрі мол жинап, оны әрі қарай өңдеу үшін сұрыптау керек. Ал қоқыс жинау жұмысы жалықтырмас үшін ұйымдастырушылар жол бойына командаларға жұмбақ шешіп, жасырылған артефактарды тауып, фотоаңшылыққа қатысуды ұсынады.

15 маусымда Самал ықшам ауданында төгілген қоқыс маңын тазалауға 5-тен 50 жасқа дейінгі 60-қа жуық адам жиналды.

- Тазартуға арналған учаскені әкімдіктің көмегімен таңдадық, бұл жергілікті билік күресіп жүрген қоқыс үйінділерінің бірі. Біз жалпы салмағы 3 тонна болатын 379 қап қоқыс жинадық. Оның жартысы «Эко Рециклинг» ЖШС-не өңдеуге жіберілді. Қалғандарын дереу «Арнаулы автобаза» қызметкерлері аумақтан алып кетті. Мен, тіпті, атыраулықтар осылайша белсенді түрде үн қосады деп күтпеп едім. Адамдар отбасыларымен, балаларымен келді, - дейді Атыраудағы «Таза ойындарды» үйлестіруші Айгүл ТӨЛЕШОВА.

Ойын әдістемесі бойынша жеңімпаздардың үш командасын анықтауға көмектесетін ұпайларды есептеу жүйесі пайдаланылды. «Артефакт» конкурсы айрықша өтті. Онда өзгеше заттарды тапқан ойыншылар олардың тарихын ойлап табуға тиіс болды. Ұрыс алаңында атыраулық масалармен жекпе-жекке шыққан пластик қанжар туралы аяқ асты ойдан шығарылған мысқыл новелла жеңіп шықты. Бүгінде Атырауда өткізілген ойын форматында басқа да экологиялық қозғалыстар бар. Мәселен, «плоггинг» - белгілі бір қашықтықта әртүрлі, негізінен, пластик қоқыстарды жинаумен ұштастырылған жүгіру шарасы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 маусым 2019, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.