Атырау, 24 қараша 20:02
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оқиғалар тізбегі

2 876 просмотра


12 маусымда күндіз Есенов көшесі, 87 мекенжайындағы (Сұлтан Бейбарыс алаңының маңы) 5 қатарлы үйдің үшінші этажында балкон өртенді. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өрт шарпыған пәтерден бес тұрғынды шығарды, олардың ішінде екі бала бар. Адамдарды құтқаруға №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары А. Жақыпов, сержант Е. Төлесов, сондай-ақ учаскелік инспектор А. Өтеғалиев қатысты. Өрт 20 минуттан кейін сөндірілді, себебі анықталып жатыр.

***

Тек бір күнде – 17 маусымда 11 ЖКО орын алды. Екеуі туралы айтайық. Балықшы ықшамауданында 14 және 16 жастағы екі жасөспірім скутермен  Hyundai Tucson көлігіне соғысып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер жеңіл жарақат алғанын растады. Медициналық қорытынды шыққаннан кейін жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе шешіледі.

Ал қала шетіндегі Водниково ауылында Toyota Land Cruiser Prado мен Lada Largus соқтығысты. Куәгерлердің айтуынша, ЖКО-ның болуына оқиға орнынан қашып кеткен үшінші көлік кінәлі екен. «Тойотаның» 25 жастағы жүргізушісі мен 23 жастағы жолаушысы облыстық ауруханаға түсті. Тергеу жүріп жатыр.  

***

18 маусымда таңғы 4-те «Құрманғазы-авто» шекара бекетінде шекарашылар  Атыраудан Астраханға бет алған «Фредлайнер» жүк көлігін тексеру кезінде 15 тоннадан астам  «MILANO» маркалы табак бұйымдарының контрабандалық партиясын тапты. Тауардың жол құжаттарында тұрмыстық техника деп көрсетілген.

- Контрабандалық тауардың иесі – 55 жастағы ҚР азаматы Атырау облысының полиция департаментіне беріледі,- деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

20 маусым 2019, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.