Атырау, 20 сәуір 12:07
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

UEFA экс-президенті Платиниді тергеуден соң босатты

1 710 просмотра


Француз тергеушілері Еуропа футбол қауымдастығының (UEFA) бұрынғы жетекшісі Мишель Платиниден бірнеше сағат жауап алғаннан кейін 19 маусымға қараған түні босатқан. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

18 маусымда француз полициясы Платиниді 2022 жылы әлем чемпионаты өтетін елді таңдау кезінде сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалған болуы ықтимал деген күдікпен қозғалған іс аясында ұстаған.

63 жастағы Мишель Платинидің өзі тергеу кезінде сөз болған фактілер бойынша барлық ақпарат бергенін айтты.

2010 жылы 2022 жылғы әлем чемпионаты Катарда өтетіні туралы шешім қабылданған кезде бірқатар шенеунік Катар өкілдері өздеріне дауыс беру үшін ақша бергенін мәлімдеген. Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) тәуелсіз комиссиясы тергеу жүргізіп, бұл мәлімдемелерге дәлел таппаған.

2015 жылы FIFA-ның этика жөніндегі комитеті Платиниді сегіз жылға футболдан шеттеткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

19 маусым 2019, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.