16 маусымда күндіз қала маңындағы Геолог ықшам ауданында жасөспірім үйлердің бірінің ауласында тұрған Toyota көлігін айдап кеткен. Ұсталғанша бірнеше сағат бойы Дамбы-Балықшы бағытында осы көлікпен жолаушыларды тасымалдап, таксист болып жүрген. Ұсталған кезде салон ішінде жолаушы отырған. Ал «таксисттің» өзі сол уақытта клиенттерден түскен ақшаға сатып алған бірнеше құты сыраны ішіп үлгеріпті.
17 жастағы жігітке ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жыл басынан бері 10 автокөлік ұрлау қылмысы ашылған.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор