Атырау, 20 сәуір 11:41
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ресей жоғарғы соты жеті саяси партияны жапты

1 847 просмотра


Ресей жоғарғы соты елдегі жеті саяси ұйымды - "Альянс зелёных", "За женщин России", "Союз горожан", "Города России" партияларын, сонымен бірге Ресей зейнеткерлері партиясы, Социал-демократиялық партия мен Ресей халықтық партиясын жапты.

Сот шешімінде олардың қызметі сайлауға қатысу заңын бұзғаны үшін тоқтатылғаны айтылған.

Жоғарғы соттан осы партияларды жабуды Ресей әділет министрлігі сұраған. Министрлік бұл жеті партияның соңғы жеті жылда сайлауға қатыспағанын алға тартқан. Заңда партияның сайлауға қатыспауы оны жабуға негіз болатыны айтылған.

Сот шешімімен қызметін тоқтатқан үш саяси ұйым – "Союз горожан", Ресей халықтық партиясы мен Социал-демократиялық партиясының саяси технолог және бұрын Ресей президенттігіне кандидат болған Андрей Богдановқа қатысы бар.

Богданов партияларды жабу туралы сот шешімі "дұрыс қабылданды" және "оған заңнан бейхабар ақымақтар мен надандар ғана қарсы болады" деп мәлімдеген. Богданов 2021 жылы өтетін парламент сайлауы қарсаңында жаңа партия құруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Голос" қозғалысының өкілі Станислав Андрейчуктің сөзінше, сот жапқан партиялардың көпшілігі бұған дейін өткен сайлаулар кезінде "бір күндік" ұйым ретінде, мысалы, сайлау комиссиялары құрамына өз адамын өткізу тәрізді мақсатпен құрылған.

Қазіргі уақытта Ресей әділет министрлігінде 61 саяси партия тіркелген.

Дереккөз: Азаттық радиосы



19 маусым 2019, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.