Атырау, 20 сәуір 08:39
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Биарриц билігі курорттағы екі үй Путиннің туыстарына тиесілі екенін растады

1 944 просмотра

Биарриц қаласы, Франция. 20 маусым 2015 жыл.

Time басылымы Францияның ең танымал курорты Биаррицте Ресей президенті Владимир Путиннің отбасына тиесілі жалжымайтын мүліктер бары жайлы зерттеуін жариялады.

Журналистер 2012 жылы Ресей президентінің қызы Екатерина Тихонова мен оның күйеуі Кирилл Шамаловпен үй сатып алу туралы келісім жасаған жылжымайтын мүлік жөніндегі агент Лорен Веберді іздеп тапқан. Вебер келісімге Тихонованың өзі қол қойғанын айтқан.

Time басылымының жазуынша, мүлікті Кирилл Шамалов сатып алған. Ал оны сатқан Геннадий Тимченко - Владимир Путинге жақын бизнесмендердің бірі.

Лорен Вебер былтыр Шамаловқа хабарласып, үй жайлы білгісі келетін журналистерден сұрақ көп түсіп жатқанын жеткізген. Шамалов агенттен "ешкімге еш нәрсе айтпауын" сұраған.

Курорттағы жеке тұрған үйдің Шамалов пен Тихоноваға тиесілі екенін Биарриц мэрінің орынбасары Джоселин Кастеньед те растаған. Оның сөзінше, жергілікті тұрғындар ол екеуін "қала базарынан жиі көреді" екен.

Биарриц қаласының жанындағы Англет кентінде Путиннің жақынына тиесілі тағы бір вилла бар деп жазады Time. Қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жер реестеріне сәйкес, бұл вилла Ресей президентінің бұрынғы әйелі Людмила Путинаның қазіргі күйеуі петербургтік бизнесмен Артур Очеретныйға тиесілі. Басылымның жазуынша, Людмила Владимир Путинмен ажырасқаннан кейін екі жылдан соң, 2015 жылы Артур Очеретныйға тұрмысқа шыққан.

Ресейдің Биаррицтагі консулы Александр де Миллер де Ла Серданың сөзінше, Ресей президентінің бұрынғы әйелі онымен ажырасқанған дейін де, одан кейін де осы курортқа жыл сайын келуді әдетке айналдырған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

17 маусым 2019, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.