Атырау, 27 қараша 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Израильдегі болашақ ауылдардың біріне Трамп есімі берілді

2 149 просмотра


Осы жерде жақын уақытта "Трамп жотасы" атты елді мекен пайда болуы тиіс. 

Израиль басып алған Голан жотасында жаңадан салынатын елді мекен АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың құрметіне "Трамп жотасы" деп аталады. 16 маусымда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ол жерге ескерткіш белгі қою рәсіміне қатысты.

Бұл аумақты 2019 жылдың наурыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп ресми түрде Израиль жері деп таныған. Бұл туралы құжатқа Трамп 25 наурызда Ақ үйде қол қойған.

Сирия сыртқы істер министрі Трамптың шешімін "Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына шабуыл" деп бағалаған.
The Washington Post басылымының жазуынша, "Трамп жотасының" пайда болуы Израиль мен АҚШ қарым-қатынасының нығаюының кезекті белгісі болмақ.

1967 жылы алты күндік соғыста әуелде Сирияға тиесілі болған Голан жотасын Израиль басып алған. 1974 жылы Сирия мен Израиль бітім жасасқаннан кейін жота БҰҰ бітімгершілік күштерінің бақылауында болған. Ал 1981 жылы Израиль бұл аумақты аннексиялап алған. Көптеген ел Голан жотасы Израильдің жері емес деп санайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

17 маусым 2019, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.