WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау туралы сот тыңдауы келесі жылдың ақпан айында өтетін болды.
Лондон соты осындай шешім қабылдады. АҚШ австралиялық журналисті тыңшылық жүргізіп, құпия мәліметтерді жария етті деп айыптап отыр. Алайда Ассанжд тағылған айыптармен келіспей, кінәсін мойындаудан бас тартуда. Еске сала кетейік, Джулиан Ассанж соңғы 7 жыл бойы Швеция-ның сотынан қашып, Лондондағы Эквадор елшілігін паналап келген болатын. Алайда сәуірдің 11-і күні Эквадор билігі оны британ полициясына ұстап берді. Осыдан кейін Лондон соты оны кепілдікпен бостандыққа шығу талаптарын бұзғаны үшін 11 айға бас бостандығынан айырған болатын.
Дереккөз: 24.kz