Атырау, 16 желтоқсан 18:16
 ашықВ Атырау -11
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​АҚШ-та кәсіпкерлер сауда соғысына қарсы

2 487 рет қаралды


Американың 600-ден аса компаниясы президент Дональд Трампқа АҚШ-Қытай сауда соғысын тоқтату туралы хат жолдады. 

Бизнес өкілдері Ақ үй басшысының әрекеті нақ осы америкалық компаниялар мен тұтынушыларға кері ықпал ететінін жеткізген. Олардың есептеуінше, 4 адамнан тұратын отбасының жылдық шығыны шамамен 2000 долларға артады. 

Сонымен қатар бұл үндеуде қытайлық тауарларға енгізілген 25 пайыздық салық АҚШ-тағы 2 миллионға жуық жұмыс орнының қысқаруына әкелетіні жазылған. Өз кезегінде АҚШ-тың ұлттық экономикалық кеңесінің басшысы Лоуренс Кадлоу бұған дейін сауда соғысы Құрама Штаттарға айтарлықтай әсер етпейтінін мәлімдеген еді. 

Оның айтуынша, одан көбіне Қытай елі зардап шегеді.

Дереккөз: 24.kz

15 маусым 2019, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.