Украинаның бесінші президенті Петр Порошенко "Прямой" телеарнасының эфирінде өзінің басқаруындағы "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы қазіргі мемлекет басшысы Владимир Зеленскийдің "Халық қызметшісі" (Слуга Народа) саяси күшімен альянс құруы мүмкін екендігін айтты.
"Мен біздің Еуроодақ пен НАТО-ға жолымызды жалғастыру үшін бірегіміз деп үміттенемін" - деді Порошенко. Бұдан бөлек, Порошенко Зеленскийге кез келген уақытта көмектесуге дайын екендігін айтты. Бірақ ол Украина аумағына "орыс әлемін" алып келгісі келіп жүрген Янукович саяси жақтастарымен еш уақытта одақ құрмайтынын жеткізді. Петр Порошенко сәуір айында өткен президент сайлауының екінші турында Владимир Зеленскийден жеңілген.
Дереккөз: qazaqtimes.com