Оңтүстік Кореядағы үкіметтік емес ұйымдар Солтүстік Кореяда тәртіпке қайшы келгені үшін өлім жазасына кесілген 318 адамды анықтаған.
"Шекарасыз судьялар тобы" деп аталатын құқық қорғау ұйымы Солтүстік Кореядан қашып шыққан 610 адаммен сұхбат өткізген. Аталған ұйымның мәліметіне қарағанда, Солтүстік Кореяда азаматтар мал ұрлығынан тартып, Оңтүстік Кореяның телеарналарын көргені үшін де өлім жазасына кесіледі. Әрі, мұндай өлім жазалары өзен жағаларында, егіс атыздарында, базар, мектеп, стадион секілді көпшілік орталарда да атқарылатынын айтады. Аталған, оңтүстік кореялық ұйымның КХДР территориясынан қашып өткен адамдармен сұхбаттасу арқылы бірқатар мәліметтерге қол жеткізген Мәліметтерде анықтауынша, Солтүстік Кореяда өлім жазасы атқарылатын жерге мыңнан астам адамды жиналады, бұған қоса, өлім жазасы атқарылған кезде жазаға тартылушының жақындары куә болуы тиіс. Ату жазасына кесілгендердің мүрдесі өте сирек жағдайда ғана отбасы мүшелеріне қайтарылады.
Ал, көбінде мүрдесінің қайда жасырылғаны беймәлім күйде қала береді. КХДР территориясынан қашып шыққандар кейде мұндай өлім жазасын атқаруға 7-8 жастағы балалардың да куә болатынын айтқан. Кей жағдайларда өлім жазасы абақты мен еңбек лагерлерінде де атқарылады. Солтүстік Кореяда өлім жазасына кесілгендердің басым көбі атып тасталады. 2005 жылға дейін дарға асу жазасы да болған. Жазаны үш әскер орындайды және кез-келген әскер таңдалуы мүмкін. Дегенмен, соңғы жылдары көпшілік алдында өлім жазасын атқару әрекеттері азайып кеткен. Солтүстік Корея үкіметі бұндай әрекеттерді жасырын атқарып жатқан болуы мүмкін дейді бұрынғы солтүстік кореялықтар.
Жақында ғана Солтүстік Корея Жоғары кеңесінің АҚШ-пен қарым-қатынас жөніндегі арнайы өкілі және Сыртқы істер министрлігінің бірнеше қызметкерінің ату жазасына кесілгенін сол елдегі ресми БАҚ хабарлаған. Оларға АҚШ мүддесіне қызмет етіп, тыңшылықпен айналысты деген айыптар тағылған.
Дереккөз: qazaqtimes.com