Атырау, 2 желтоқсан 02:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ауруханадан қашып кетті

2 497 просмотра

Атырау облыстық ауруханасынан браконьерлікке күдіктеліп ұсталған ресейлік қашып кетті Байдадан ауруханаға түсті» мақаласын қараңыз).

Атырау облыстық ҰҚКД баспасөз қызметінің өкілі Темірбек МҰҚАШЕВ күзет бақылауымен ауруханада жатқан күдіктінің кеше кешкісін (8 қазанда) қашып кеткенін растады, бірақ оның фамилиясын атаудан бас тартты.

Естеріңізге салсақ, 26 қыркүйекте Каспий теңізінің айдынынан Ми-8 шекаралық тікұшағының экипажы әскери кезекшілік кезінде браконьерлер мінген 2 байданы анықтаған. Олар моторды сөндіріп, тоқтау туралы талапты елең қылмай, керісінше, өз қайықтарын Қазақстанның аумақтық суларынан тысқары бұра бастаған. Тікұшақтан байда моторларына оқ жаудырған соң моторлары зақымдалып, заң бұзушылар қолға түскен. Бортта Ресей Федерациясының 7 азаматы болыпты. Оның екеуі аяғынан жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Сол жерде олар өздерін 1991 жылғы Гарифмурат МАГОМЕДАЛИЕВ және 1989 жылғы Сергей ЖЕРАВИН деп таныстырған болатын.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

9 қазан 2012, 22:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.