Атырау, 20 сәуір 09:58
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Байдадан ауруханаға түсті

2 377 просмотра

Каспий теңізінде шекарашылар ресейлік 7 браконьер мінген екі байданы ұстады. Ұстау кезінде олардың екеуі жараланып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Бұл туралы ҚР шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

26 қыркүйекте Каспий теңізінің айдынынан Ми-8 шекаралық тікұшағының экипажы әскери кезекшілік кезінде браконьерлер мінген 2байданы анықтаған. Олар моторды сөндіріп, тоқтау туралы талапты елең қылмай, керісінше, өз қайықтарын Қазақстанның аумақтық суларынан тысқары бұра бастаған. Тікұшақтан байда моторларына оқ жаудырған соң моторлары зақымдалып, заң бұзушылар қолға түскен. Бортта Ресей Федерациясының 7 азаматы болыпты. Оның екеуі аяғынан жарақат алды.

Облыстық аурухананың травматология бөлімінің дәрігері Бекен ҚҰЛНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, шекарашылар стационарға 1991 жылғы Гарифмурат МАГОМЕДАЛИЕВ және 1989 жылғы Сергей ЖЕРАВИН есімді екі жаралыны жеткізген.

– Магомедалиевтің жіліншігінің төменгі жағын оқ тесіп өткен, ал Жеравинде екі жамбасының ортаңғы бөлігін оқ тесіп өткен, - деп хабарлады дәрігер. – Зардап шегушілерге операция жасалды, олардың жағдайы тұрақты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қазан 2012, 22:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.