Атырау, 28 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қырғызстанда журналисті балағаттаған шенеунік қызметінен босатылды

1 696 просмотра


Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Туйгунаалы Абдраимовду үкіметтің Шу облысындағы өкілі қызметінен босатты. 

Осыған дейін Туйгунаалы Абдраимов Сокулук ауданы, Орок ауылындағы жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалды зерттеуге барған журналистердің бірінің түрін келеке еткені туралы видео тараған. Бұл қоғамды дүр сілкіндіріп, журналистер наразылығын туғызған. 6 маусымда бір топ журналист Шу облыстық әкімдігіне барып, Абдраимовтың өзінен түсініктеме беруін талап еткен. Онда үкімет өкілі журналистен кешірім сұрамаған. Кейін қоғам белсенділері оның қызметінен кетуін талап етті.

Дереккөз: qazaqtimes.com

11 маусым 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.