Атырау, 12 сәуір 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

​АҚШ-та тікұшақ 54 қабатты ғимаратқа соғылды

2 010 рет қаралды


Нью-Йорктың қақ ортасында орналасқан 54 қабатты ғимаратқа тікұшақ құлады. Оқиғадан әуе көлігінің бортында болған ұшқыш мерт болды. 

Құтқарушылар ғимарат ішінде болғандарды шұғыл эвакуациялауға кірісті. Қазір бұл жер жан-жақтан қоршауға алынған. Ал апаттан кейін шыққан өртті ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Олардың жұмыстарына қатты жел мен жауын-шашын кедергі болып тұр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұшқыш көкке көтерілген соң белгісіз себептермен 11 минуттан кейін апатқа ұшыраған. Оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: 24.kz

11 маусым 2019, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.