Атырау, 16 желтоқсан 18:18
 ашықВ Атырау -11
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

КХДР-дегі құрғақшылық: Оңтүстік Корея көмекке 8 млн доллар бөледі

2 530 рет қаралды


Корея Республикасы КХДР-ге азық-түлік жағынан көмек көрсету үшін осы аптада БҰҰ шотына $8 млн қаржы аударады. Бұл туралы Yonhap агенттігіне КХДР-дегі қарым-қатынасқа жетекшілік ететін бірлестік министрлігіндегі дереккөз хабарлаған. 

«Қаржы БҰҰ шотына сейсенбі немесе сәрсенбі күні аударылады», - деп атап өтті ол. 2019 жылы КХДР қуаңшылық деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті. Қаңтардан 15 мамырға дейінгі аралықта бұл елде 56,3 мм жауын-шашын жауған. Бұл соңғы 102 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. 

БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАТБ) өкілдері республикаға азық-түлік жеткізу жағдайын қадағалап отыр. Ұйымның хабарлауынша, республиканың 10 миллионнан астам тұрғынына азық-түлік жетпей жатыр және келесі егінге дейін азық-түлік тапшылығы туындайды. 

2018 жылы КХДР-де ауа райының қолайсыздығына байланысты өнім соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішті көрсеткен. ДАТБ бағалауынша, егер биыл да егін шықпаса, елдің миллиондаған азаматына ашаршылық қаупі төніп тұр.   

Дереккөз: inform.kz

11 маусым 2019, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.