Атырау, 28 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өзбек билігі Кәрімоваға қысым көрсетіліп жатыр деген ақпаратты теріске шығарды

2 416 просмотра


Өзбекстан бас прокуратурасы елдің тұңғыш президентінің үлкен қызы, Зангиата әйелдер колониясында отырған Гүлнәра Кәрімоваға психологиялық қысым көрсетіліп жатыр деген ақпаратты теріске шығарды. 

Бақылау мекемесінің хабарлауынша, жағдайы жақсы және керек кезінде медициналық қызмет көрсетілуде". Алайда, бұған дейін Гүлнәра Кәрімованың швейцарлық адвокаты Грегуар Манжа (Grégoire Mangeat) оның тұрақты түрде психологиялық қысым көретінін мәлімдеген еді. Ол Twitter парақшасына былай жеп жазды: "Кәрімоваға медициналық көмек көрсетілмей отыр. Оған үнемі психологиялық қысым көрсетеді". 2017 жылдың желтоқсан айында "салықтан жалтарды", "ұрлады", "бопсалады" деп айыпталып, 10 жылға сотталған 46 жастағы Кәрімованың жазасын 2018 жылдың шілде айында түрме жазасынан бес жылға үйқамаққа ауыстырған. Бұдан бөлек мемлекетке келтірген шығынды қайтару керек болған. Бірақ биыл наурыз айының басында ережені бұзды деп, оны қайта әйелдер колониясына ауыстырды. Айта кету керек, 2015 жылы Швеция, Швейцария және АҚШ Кәрімованың үстінен Telia, Vimpelcom және МТС телекоммуникациялық компаниялардан өзбек нарығына кіру үшін миллиардтаған доллар пара алды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, аталған компаниялардың бәрі Ислам Кәрімовтің қызына пара бергенін мойындаған. Осы мәлімдемеден кейін АҚШ Кәрімоваға ресми түрде "пара алу" және "көлеңкелі ақшаны заңдастыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

10 маусым 2019, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.