Атырау, 28 қараша 00:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Еуропалық зерттеушілер Израильге қарсы ашық хат жариялады

2 622 просмотра


Бірқатар еуропалық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары Еуропа Комиссиясына ашық хат жолдап, ЕО-ға мүше елдерден Израильге қару-жарақ сату және сатып алу әрекеттерін тоқтатуды талап еткен. 

Түркиялық «Анадолы» және Иранның IRNA ақпараттық агенттіктерінің хабарына қарағанда, ашық хатқа Еуропа университеттерінің оқытушыларын мен зерттеушілерінен 150 адам қол қойған. Олар Еуропа Одағы мүше елдерден Израильге қару-жарақ сату және сатып алу әрекетін, бірлескен зерттеу жобаларын тоқтатуды талап еткен. 

Ашық хатта Израильдің адам құқықтарын ашық-әшкере бұзып отырғанын айыптаған. Сондай-ақ, Еуропа азаматтарының зерттеулер үшін салық төлейтінін, сондықтан Еуропа елдерінің «Horizon Europe» ғылыми зерттеу жобасына Израильді қатыстырмау талабын қойған. 

«Израильдің бұл жобаға қатысуы еуропалықтардың құндылықтарына қайшы келеді», – делінген ашық хатта. Дегенмен, азаматтардың қарсылығына қарамастан АҚШ пен Еуропа елдерінің Израиль мен қарым-қатынасы тығыз екені белгілі. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

8 маусым 2019, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.